Қасым-Жомарт Кемелұлы Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары жайында
Бүгін, 8-ші қыркүйек күні еліміздің елордасы Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
«Масштабты спорттық жарыстарды өткізу - қазақтың терең тарихымен және бай мәдениетімен әлемді таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл көрнекті турнир әртүрлі халықтар мен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға маңызды қадам болады. Көшпенділер ойындары экологияны сақтау, Қазақстанды жасыл мемлекетке айналдыру сияқты мәселелерді көтеруге жақсы мүмкіндік береді. Париж Олимпиадасы түркі халықтарының өзара қолдауын және бірлігін жарқын түрде көрсетті. Спортшылар мен жанкүйерлер көршілерінің әр жеңісіне қуанды. Олар қажет кезде бір-біріне көмектесуге тырысты. Біздің балуандар ағайындар болып, жеңіс тұғырына бірге шықты. Халықтар арасындағы нағыз достық осынысымен ерекшеленеді. Бұл біздің баға жетпес байлығымыз! Біз әрқашан бір-бірімізді қолдаймыз. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдердің мызғымас бірлігін одан әрі нығайтады. Сондықтан біз бұл шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуіміз керек»,- деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, дүбірлі ойындар қыркүйектің 8-13 күндері аралығында өтеді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)