ТОП-10: Доп тебетін қазақстандық сұлулар dopmedia.kz

Қазақстандық футболшы қыздармен таныс болыңыздар

Футболдан әйелдер ұлттық құрамасының намысын қорғап жүрген нәзік жанды қыздарымыз кім? Олар жайлы не білеміз? Dopmedia.kz тілшісі оқырман назарына арнайы топтама ұсынады.

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының қақпашысы- Назым Исмаилова

 

Назым Исмаилова

Қазақстандық қақпашы 2001 жылы ақпан айының 24-ші жұлдыздында дүниеге келді.  Ел құрамасының сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Қазіргі таңда «Томирис-Тұран» футбол клубының намысын қорғап жүр.  

 

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының қорғаушысы- Камила Совет

 

Камила Совет

Камила 2004 жылдың 26-ші сәуірінде дүниеге келді. 2019 жылдан бері Қазақстан (U-16) құрамасында, 2020 жылы Қазақстан ұлттық құрамасында, 2021 жылға дейін Қазақстан (U-17) сапында, 2021-2023 жылдары аралығында Қазақстан (U-19) командасында өнер көрсетті. Биылғы жылдың сәуір айынан шілде айына дейін «БИІК-Шымкент» футбол клубында ойнады. Қазір «Ордабасы» командасының намысын қорғап жүр.  

 

 

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының қорғаушысы- Қазына Норбаева

 

Қазына Норбаева

19-жасар қазақстандық сұлу 2005 жылдың 13-ші мамыр күні дүниеге келді. Қазына 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. «Ордабасы» командасымен бірге Қазақстан кубогы ойындары мен ел чемпионатының ойындарында жеңіске жету үшін өз үлесін қосты. Қазіргі таңда шымкенттік клубтың қорғаушысы ретінде алаңға шығуда.   

 

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының жартылай қорғаушысы- Бибігүл Нұрышева

 

Бибігүл Нұрышева  
Бибігүл Нұрышева  

Бибігүл Нұрышева- 1994 жылдың 2-ші сәуірі күні туған. 2019 жылдан бастап ұлттық құрама сапының намысын қорғап келеді. Әйелдер лигасында биылғы маусымда тоғыз ойынға қатысып, екі нәтижелі гол соқты. Сегіз мәрте негізгі құрамда өнер көрсетті. Сәуір айынан бастап «БИІК-Шымкент» командасында ойнайды.  

 

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының жартылай қорғаушысы- Аида Гайстенова

 

Аида Гайстенова

Кербез сұлу Көкшетаудың тумасы Аида Гайстенова футболмен 12 жасынан бастап айналысып келеді. Гайстенова 1994 жылдың 25-ші мамырында Щучинск қаласында дүниеге келді. Футболдағы мансап жолында «Adidas» брендінің өкілі ретінде де танылды. Аиданың алғашқы клубы- ФК «Оқжетпес» еді. Кейін «Астанаға» ауысты. 2017 жылдың ақпан айынан ресейлік «Енисей» клубында өнер көрсетті. 2019 жылы «Звезда-2005» командасына ауысып, Ресей кубогын жеңіп алды.  

Instagram: gaystenova 

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының жартылай қорғаушысы- Әсем Қаражанова 

 

Әсем Қаражанова  

Биылғы футболдан әйелдер лигасында Әсем жалпы 12 ойын өткізіп, қарсылас қақпаға 4 гол соқты. Жеті мәрте негізгі құрамда өнер көрсетті. 2021 жылдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнайды. Қазіргі таңда Әсем «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы.  

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының жартылай қорғаушысы- Анель Досболова

 

Анель Досболова   

Анель- ұлттық құрама сапындағы ең жас ойыншылардың бірі. Оның жасы небәрі 17-де. Өзі 2006 жылдың 30-шы қарашасы туылған. 2023-ші жылдан бастан ұлттық құрама командасында ойнайды. Сонымен қатар, алматылық «Қайрат» академиясының қорғаушысы.

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының шабуылшысы- Назым Алданазар 

 

Назым Алданазар 

Назым Алданазар өзінің ұлттық құрамадағы мансабын биыл бастады. Ол 2025 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары кезінде алғаш рет алаңға шықты. 17 жасар футболшы қыз «Қайрат» командасы сапында өнер көрсетеді.  

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының шабуылшысы- Амина Бибосынова

 

Амина Бибосынова

Амина Бибосынова кішкентайынан футболға қызыққан спортшы. Ол жастайынан «Қайрат» футбол академиясында жаттыққан. Ұлттық құрамаға биыл келді. Бүгінгі күні германиялық «Турбине Потсдам» командасында өнер көрсетеді.

 

Қазақстан әйелдер футбол құрамасының қақпашысы- Ангелина Портнова

 

Ангелина Портнова 

Ангелина Портнова- 23 жасар қазақстандық қақпашы. 2018 жылдан бері ұлттық құрама алаңын қорғауда. 2021 жылы түркиялық «Адана Идман Юрду» клубына ауысып, қазіргі күнге дейін Түркия елінде ойын көрсетеді.