instagram.com/turkistan_judo_federation Жерлестері Ғұсманды көкке көтерді
Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері темір тұлпар пен жылқы сыйлады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметіне сүйенетін болсақ, дзюдошы өзі туып-өскен Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты ерекше құрметпен қарсы алған. Ауылдастары Ғұсманға темір тұлпар тарту етсе, Түркістан облысының дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізді.
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола медаль жеңіп алған еді.
-
27 қыркүйек, 2024Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)





