Ол осы уақытқа дейін қандай додаларда жетістікке жеткен?
Бүгін, 17 қыркүйекте бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болып Айбек Оралбай тағайындалғаны туралы ақпарат шықты. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі Айбек Оралбай жайлы ақпараттарды оқырман назарына ұсынбақшы.
Айбек Оралбай 2000 жылдың 11 маусымында Жамбыл облысы, Айша-бибі ауылында дүниеге келген. Қазақстандық боксшы 2018 жылы Будапештте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. Ал 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді.
Айбек Оралбай 2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып Азия чемпионы атанды. Ал биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалға дейін жеткен еді.
Оның егізі Нұрбек Оралбай да бокспен айналысады. Ол биылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль еншіледі.
Кеше, 16 қыркүйекте бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында бірқатар боксшыларымыздың салмақ ауыстырғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Айбек Оралбай да табылды. 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген Айбек Оралбай алдағы уақытта +92 кг салмақта бақ сынап көрмекші.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)