Ертең, 26 қыркүйекте Қазақстан – Португалия матчы өтеді
Футзалдан Португалия құрамасының ойыншысы Эрик Мендонка Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Өткен әлем чемпионатында біз жартылай финалда Қазақстанмен кездесіп, тек пенальти арқылы жеңіске жеттік. Қазақстан – мықты құрама, біз оны жақсы білеміз. Біз – әлем және Еуропа чемпиондарымыз, сондықтан, бәлкім, олар бізбен кездескісі келмеген болар (күледі). Бірақ мен Қазақстан бізден қорқады деп ойламаймын. Олардың құрамында тәжірибелі ойыншылар бар. Оларға тек 1/8 финалда төмен рейтингтегі қарсыласпен ойнау ұнаған болар», – деді Мендонка.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Португалия арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық матчы 26 қыркүйекте, Әндіжанда өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)