«Манчестер Сити» 2019 жылы сатып алған 6 ойыншы қайда?

Бұл ойыншылардың «Манчестер Ситидегі» тағдыры әртүрлі болғанымен, Родри секілді сәттілікке қол жеткізгендер аз болды.

2019 жылы «Манчестер Сити» клубы Родримен бірге тағы алты ойыншыны сатып алған болатын. Родри клубтың тарихындағы ең үздік трансферлердің бірі болып, қазіргі таңда командасының негізгі тірегіне айналды. Ал сол жылы бірге келген басқа ойыншылардың тағдыры әртүрлі болды. Төменде сол футболшылардың бүгінгі күні қайда жүргенін қарастырамыз.

Жоау Канселу

Ювентустен 60 миллион фунтқа келген Канселу әлемдегі ең қымбат қорғаушылардың бірі болды. Ол «Сити» сапында екі рет қатарынан Премьер-лиганы жеңіп алды. Алайда, ол Пеп Гвардиоламен келіспеушілікке түсіп, «Бавария» мен «Барселона» клубтарына жалға берілді. Қазіргі таңда ол Сауд Арабиясының «Аль-Хилал» командасында ойнап жүр.

Анхелиньо

Испаниялық қорғаушы Анхелиньо «Ситиге» келіп, бірнеше рет жалға берілді. Ақырында ол Лейпцигке тұрақты түрде ауысты. Қазір ол «Рома» сапында өнер көрсетуде.

Педро Порро

Порро «Ситиде» бірде-бір матч ойнамады. Оны «Спортинг Лиссабон» командасына сатқаннан кейін Португалияда жақсы ойын көрсетті. Қазіргі таңда ол «Тоттенхэм» сапында Англияға оралды.

Зак Стеффен

АҚШ құрамасының қақпашысы Стеффен «Ситиде» тек қосалқы қақпашы рөлін атқарды. 2022 жылы «Ливерпульге» қарсы жартылай финалда қателік жіберіп, өзіне деген сенімін жоғалтты. Қазіргі кезде ол АҚШ-тың «Колорадо Рэпидс» клубының негізгі қақпашысы.

Рётаро Мешино

Жапониялық шабуылшы Мешино «Сити» сапында мүлдем ойнамады. Ол бірнеше клубтарға жалға беріліп, 2022 жылы өз еліне, «Гамба Осака» командасына қайтып оралды.

Скотт Карсон

Карсон – «Сити» сапында үшінші қақпашы ретінде өзін танытты. Ол негізгі құрамда сирек ойнаса да, клубтың ішкі атмосферасында маңызды рөл атқарып, клубтың жеңістерін бірге тойлап жүр.