Қаны басына шапқан 17-жасар Ямал өзінің әрекетін түсіндірді www.barcamania.com

Жастайынан футболшыға не болды?

Футболдан Испания ұлттық құрамасының және каталондық "Барселона" футбол клубының 17 жасар вингері Ламин Ямал футболдан Испания чемпионатының тоғызыншы турында "Алавеспен" өткен матчта шектен тыс көрсетілген эмоциясына қатысты жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dopmedia.kz

«Алавеске қарсы матчқа көңілім толмады...Мен бұдан да жақсы ойын көрсете алар едім. Мен өзімнен көп нәрсені талап етемін. Ойын барысында көрсеткен ашуым тек өзіме көңілім толмағандықтан болды. Мен Фликке бұл жайлы айттым», - деп келтіреді Ямалдың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Ла Лиганың биылғы маусымында Ямал «Барселона» үшін 9 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Тағы да оқыңыздар: Ямалдың отбасын бопсалауда: 17-жасар футболшының өмірі не боп жатыр?