Мектептен Олимпиада тұғырына дейін: 8 жастағы бала қалай алтын медаль алды? Фото ашық дереккөзден. Суретте: Марсель Депайе

Ең жас Олимпиада чемпионы туралы не білеміз?

«Спорт жасарып жатыр» деген пікірді жиі естиміз. Бұл тұжырымды бертін келе айтып жүрсек, алайда өткен замандарда да жұртты таңғалдырған вундеркиндтердің жетістіктері көп болатын, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Сіз «Олимпиада ойындары тарихындағы ең жас жеңімпаз кім?» деген сұраққа тап болып па едіңіз? Ол – 1900 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуде алтын медаль алған 8 жастағы француз баласы Марсель Депайе. Бұл оқиға ерекше тарихымен есте қалған.

Нидерландтық ескекшілер Рольф Клейн мен Франсуа Бранд алдын ала жарыстарда өз нәтижелеріне көңілдері толмай, финалға әзер шықты. Олардың ойынша, бұған жетекші ескекші Херманус Брокманның артық салмағы себеп болған, себебі ол 10-12 килограмға семіріп кеткен еді.

Сол кезде олар жарыс ұйымдастырушыларына жетекші ескекшіні ауыстыруға рұқсат сұрап жүгінді. Ол кезде жарыс ережелері қатаң сақталмағандықтан, Клейн мен Бранд рұқсат алды. Шешуші жарыс күні олардың қайығында Депайе болды. Ұйымдастырушылар оның француз екеніне де мән бермеді. Жеңіл әрі епті ескекші Депайе қайықты керемет басқарды, нәтижесінде Нидерланд экипажы Олимпиада финалында жеңіске жетті. Қызықтысы, қарсыластар – француз ескекшілері – жеңімпаздардан небәрі 0,2 секундқа қалып қойды. Сол сәтте олар жетекші ескекшіні ауыстыру кезінде қарсылық білдірмегендеріне өкінген болар.

Айта кетерлігі, финалдық жарыстың қарбаласында бір төреші старттық хаттамаға өзгеріс енгізбей қалды. Сол себепті Нидерланд құрамасының жетекші ескекшісі ретінде ресми деректерде әлі күнге дейін салмағы ауыр Брокман көрсетіліп жүр.