"Көзінде мұң бар": Жанар Дұғалованың түрі көпшілікті шошытты (видео) Видеодан скриншот

Жанар Дұғалова әлеуметтік желіге видео жариялады

Қазақстандық танымал әнші, «КешYou» тобының бұрынғы солисі Жанар Дұғалованың жаңа образы көпшіліктің талқысына түсті, деп Dopmedia.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде өнер иесінің видеосы тарап, онда оқырман әншінің сырт келбетінен өзгеріс байқаған. Кадрда Жанар үстіне иығы ашық қызыл күрең түсті көйлек киіп, шашын бір жағына қарай жайып қойған. Дегенмен жұртшылық оның түрін көріп алаңдаушылық білдірген.

«Түрі сопиып қалыпты», «Көзінде от жоқ», «Қабағына операция жасатқан», «Кеудесін жасатқан ғой», «Көзінде мұң бар», «Көзі үңірейіп кеткен», «Бұрынғы жарқырап тұрған Жанар жоқ», - деп жазды пікір білдірушілер.

Айта кетейік, 2023 жылғы наурыз айында Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты.