Шеразттың ағасынан жауап алынғанын адвокат айтты
16 жастағы Шерзат Болаттың өмірін қиған Талғардағы төбелес бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Саида Тәуекелова марқұмның пышақ жарақатын алған ағасы Нұрқанаттан таңнан кешке дейін жауап алынғанын мәлім етті, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шерзат Болатқа арналып ашылған желідегі парақшаға жарияланған видеода адвокат Нұрқанат жауап алуға таңда кіргеннен кешке бір-ақ шыққанын айтады. Қылмыстық кодекске сай, тергеу барысынан хабардар етуге заңмен тыйым салынғандықтан, адвокат қысқа сөйлеп, жәбірленушіден де тергеу туралы ештеңе айтпауды сұрайды.
«Біздің заңгерлеріміз жауап алудан жаңа ғана шықты. Бүгін сұрақтарына Шерзаттың ағасы жауап берді. Ол пышақтан жарақат алу себептігінен қазір отыра және дұрыс тұра алмайды да, бірақ барлық сұрақтарына жауап берді» делінген жазбада.
Өзіне сөз берілгенде Нұрқанат «кішкене шаршадым, болып жатыр, жүріп жатыр» деп қысқа қайырды тергеу барысы туралы.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)