ПАРИЖ-2024: Елдос Сметов пен Абиба Абужаканова жарыс жолына шығады dopmedia.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде сынға түседі

Бүгін 2016 және 2020 жылдары Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова жарыс жолына шығады.

Велоспорттан Евгений Федоров жекелей жарыста бақ сынасады. 

Теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева алғашқы ойындарын өткізеді. 

Ал бокс турнирінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке шығады.

Сонымен қатар, бұл турнирде футбол, гандбол, баскетбол, волейбол және регби матчтары, жүзу, семсерлесу, есу слаломы мен скейтбординг жарыстары басталады.