Париж-2024: Он бір голмен аяқталған дүбірлі ойын codesports.com.au

Футболдан Аустралия мен Замбия ұлттық құрамалары ғажайып ойын көрсетті

Олимпиада-2024 ойындарының футболдан екінші айналымында Аустралия және Замбия әйелдер ұлттық құрамасы таң қаларлық ойын көрсетті,- деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Ойынның 56-минутында аустралиялық қыздар 2:5 есебімен жеңіліске ұшырап жатқан болатын. Бірақ, ойын Аустралия құрамасының пайдасына 6:5 есебімен аяқталды. 

Бұл жеңістің арқасында Аустралия құрамасы B тобының 2-ші орынына жайғасса, замбиялық қыздар төменгі сатыға түсіп кетті.

Айта кетейік, дүбірлі доданың финалы Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтеді.