Қазақстан әйелдер құрамасының Румыния мен Болгарияға қарсы ойындарға арналған құрамы Kazakhstan Football Federation

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Румыния және Болгарияға қарсы өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Луссо Найк», Грузия), Виктория Зейнали, Назым Исмайлова (екеуі де – «Томирис-Тұран»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Камила Совет (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Милана Егиазарян («Қайрат»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Айгерім Айтымова, Қазына Норбаева (екеуі де – «Ордабасы»), Мария Демидова («Минск», Беларусь);

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Адина Ізімбаева, Анель Досболова (екеуі де – «Қайрат»), Камила Құлмағамбетова, Бибігүл Нұрышева, Әселхан Тұрлыбекова, Ксенья Хайрулина, Жанеля Ержанова, Маргарита Талдыкина (бәрі – «БИІК-Шымкент»),  Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Милана Ткач («Ордабасы»), Әсем Қаражанова («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Валерия Попова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»);

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері, Серік Жугралин – менеджер.

Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

12.07.2024 

Қазақстан W – Румыния W – 19:00

«Орталық» стадион, Алматы

 

16.07.2024 

Болгария W – Қазақстан W – 22:00

«Славия», София (Болгария)