Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады (фото) Buda Mendes/Getty Images. Суретте: дзюдошы Елдос Сметов

Елдос Сметов үздік дзюдошылардың бестігіне енді

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Олимпиадада чемпион атанғаннан кейін әлемдік рейтингте біршама саты жоғарылады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошылардың әлемдік рейтингінде отандасымыз Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін бірден 17 сатыға көтеріліп, 5-орынды еншілеп тұр. Қазақстандық дзюдошының қоржынында 4970 ұпай бар. 

Ал осы салмақ дәрежесіндегі дзюдошылардың рейтингінде Қытайлық Тайбэй елінің спортшысы Янг Юнг Вей (6132 ұпай) бірінші орында тұрса, екінші орынға франциялық дзюдошы Лука Мхеидзе (6104 ұпай) орналасқанан. Үздік үштікті грузиялық дзюдошы Гиорги Сардалашвили (6057 ұпай) түйіндеп тұр.