Елена Рыбакина АҚШ-тағы додаға қатысады
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 13-19 тамыз аралығында АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирге қатысады, деп Dopmedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ірі жарыс ерлер мен әйелдер теннисіндегі екі басты іс-шараны қамтиды және жалпы жүлде қоры шамамен 6,8 миллион АҚШ доллары (3,25 миллиард теңге) шамасында болады.
Елена Рыбакина бірінші айналымды өткізіп, екінші айналымда канадалық Лейла Фернандес (әлемдік рейтингте 25-орында) мен қытайлық Юань Юэ (42-орын) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Еске салайық, Елена Рыбакина соңғы рет 11 шілдеде кортқа шығып, Уимблдон жартылай финалында чехиялық Барбора Крейчиковаға есе жіберген болатын. Осыдан кейін қазақстандық теннисші Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы тиіс еді, бірақ кенеттен бронхиті асқынып, жарыстан бас тартты. Сондай-ақ, ол Канададағы Торонто турниріне қатысудан да бас тартты.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?