instagram/fcaktobe_official «Атырау» – «Ақтөбе» матчы сенсациямен аяқталды
Кеше, 11 тамызда, Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 14-тур аясында кейінге шегерілген "Атырау" мен "Ақтөбе" командалары арасындағы футбол матчы өтті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Матчтың фавориті ретінде қарастырылған ақтөбеліктер сапынан алғашқы голды Богдан Вэтэжелу соқты. Алайда, алаң иелері де қарап қалмады – атыраулық ұжым Александр Нойоктың пенальтиден соққан голы арқылы есепті теңестірді. Нәтижесінде, ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Бұл тең ойыннан кейін "Ақтөбе" 29 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр, ал "Атырау" 19 ұпай жинап, жетінші орында орналасқан.
Айта кету керек, бұл матч "Ақтөбе" командасының еурокубокқа қатысуына байланысты кейінге шегерілген болатын.
-
12 қыркүйек, 2024Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024Ордодан 7 мемлекет сынға түседі





