ТОП-10: Қазақстан футболындағы сері жігіттер Vasile Mihai-Antonio/Getty Images. Суретте: Бақтиер Зайнутдинов

Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайтын келбетті футболшылар туралы не білеміз?

Футбол тек қана спорт емес, ол – сұлулықтың, жігерліктің, таланттың айнасы. Қазақстан футболында да көрсең көзің тоятын ойыншылар аз емес. Олар тек шебер ойындарымен ғана емес, сонымен қатар келісті келбетімен де көпшіліктің жүрегін жаулап алды. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында доп тебетін ең әдемі ойыншылардың ондығын өз нұсқасы бойынша сараптап, сіздердің назарларыңызға ұсынады.

1. Бауыржан Исламхан

31 жастағы футболшы Тараз қаласында дүниеге келген. Өз мансабында «Тараз», «Астана», «Қайрат», «Кубань» (Ресей), «Әл-Айн» (Сауд Арабиясы) секілді клубтарда ойнаған. Қазіргі уақытта шымкенттік «Ордабасы» клубында доп тебеді. Ұлттық құрама сапында 52 матч өткізген.

2. Бақтиер Зайнутдинов

26 жастағы қазақстандық футболшы Тараз қаласында дүниеге келген. Өз мансабында «Тараз», «Астана», «Ростов» (Ресей), «ЦСКА» (Ресей) клубтарында доп тепкен. Қазіргі уақытта түркиялық «Бешикташ» клубында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапында 36 матч өткізіп, 14 гол соққан. Бұл рекордтық көрсеткіш, Бақтиер Зайнутдинов гол саны бойынша бірінші орында келеді.

3. Рамазан Оразов

26 жастағы футболшы Алматыда дүниеге келген. Рамазан Оразов – алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Ол өз мансабында «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақсу», «Тобыл», «Даугавпилс» (Латвия), «Чайка» (Ресей), «Копер» (Словения) клубтарында ойнаған. Қазіргі уақытта даниялық «Силькеборг» командасында доп тебеді. Ұлттық құрама сапында 27 матч өткізген.

4. Ислам Чесноков

25 жастағы футболшы Өскеменде дүниеге келген. Позициясы – жартылай қорғаушы. Өз мансабында «Алтай», «Белшина» (Беларусь) клубтарында ойнаған. Қазіргі уақытта қостанайлық «Тобыл» клубында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапында 7 матч өткізіп, 3 гол соққан.

5.Иван Свиридов

22 жастағы футболшы Теміртау қаласында дүниеге келген. Позициясы – шабуылшы. Өз мансабында «Астана», «Шахтер» клубтарында өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта семейлік «Елімайда» ойнайды. Ұлттық құрама сапында 2 матч өткізген.

6.Эльхан Астанов

24 жастағы футболшы Шымкентте дүниеге келген. Позициясы – шабуылшы. Қазіргі уақытта «Астана» футбол клубында ойнайды. Ұлттық құрама сапында 15 матч өткізген.

7. Марат Быстров

32 жастағы футболшы Қостанай облысында дүниеге келген. Позициясы – қорғаушы. Өз мансабында «Астана», «Тобыл», «Магнитогорск» (Ресей), «Тобол» (Ресей), «Челябинск» (Ресей), «Тамбов» (Ресей), «Ахмат» (Ресей) клубтарында ойнаған. Қазіргу уақытта елордалық «Астана» клубында доп тебеді. Ұлттық құрама сапында 30 матч өткізген.

8. Рамазан Кәрімов

25 жастағы футболшы Астанада дүниеге келген. Позициясы – шабуылшы. Өз мансабында «Астана», «Каспий», «Мақтаарал» клубтарында ойнаған. Қазіргі уақытта елордалық «Астанада» өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапында 2 матч өткізген.

9. Абат Айымбетов

29 жастағы футболшы Қызылорда облысында дүниеге келген. Өз мансабында «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» клубтарында ойнаған. Қазіргі уақытта түркиялық «Адана Демирспор» клубында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапында 39 матч өткізген.

10. Әлібек Қасым

26 жастағы футболшы Алматы облысында дүниеге келген. Өз мансабында «Қайрат», «Қыран», «Қызылжар» клубтарында өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта «Ақтөбе» клубында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама сапында 4 матч өткізген.