Қазақстан – Тәжікстан футзал құрамалары арасындағы матчты қайдан көруге болады? kff.kz. Суретте: футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Қос құрама арасындағы матчты тікелей эфирде қайдан көруге болады?

Бүгін, 22 тамызда Астанада футзалдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазақстан – Тәжікстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.