Григорий Бабаян ойынға қатысты өз ойын ортаға салды
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде алғашқы матчқа қатысты пікір білдірді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Біз бұл матчтың өте қиын болатынын түсіндік, өйткені «Бранн» өте жылдам әрі комбинациялық футбол ойнайды, сонымен қатар ауа райы да қолайсыз болды. Біздің жігіттерге алаңға бейімделу үшін шамамен 30 минут уақыт қажет болды, себебі күні бойы жаңбыр жауып, алаң өте ылғалды және тайғақ болды. Жалпы, біздің қарымта шабуылдарға шығуға бірнеше мүмкіндігіміз болды, бірақ «Бранн» бізден әлдеқайда мықтырақ ойнады... Екінші таймда біз тактикалық тұрғыда ойынды өзгертуге тырыстық, алғашқы 10 минутта біз допты бақылауға алып, ойынды өз қолымызда ұстадық. Алайда, көп ұзамай алаң иелері ойынды өз қолына алып, біз қайтадан қорғанысқа шегінуге мәжбүр болдық. Жалпы, нәтиже әділ болды, «Бранн» бізден жылдамырақ әрі шебер ойнады», – деді Бабаян клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, «Астана» алғашқы матчта «Бранн» командасынан 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Норвегиялықтарға сенімді жеңіс әкелген голдарды Феликс Мюре мен Борд Финне соқты. Қарымта матч 29 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)