Қазақстандық боксшылар триумф жасауда: ел қоржынында 13 жүлде бар ©Турар Казангапов

Чита қаласында бокстан Еуразия кубогы өтті

Ресейдің Чита қаласында бокстан Еуразия кубогы өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ел жастары турнирден он үш жүлдемен оралды. 67 келі салмаққа дейін күш сынасқан Төрехан Сабырхан алтын медаль иегері атанып, чемпион ретінде танылды. 

Ал, Жансері Көшербаев пен Мадияр Бексултанов күміс алқа иегері атанды. 

Қола жүлде Бексултан Боранбек, Адильбек Кожахан, Али Мурат,  Бауржан Муратов, Асылхан Кошербай, Ахмет Усен, Онер Сейлхан, Санжарали Бегалиев,  Дамир Синеев пен Аслан Ельдибайулына бұйырды.