Қазақстан ұлттық құрамасы Жаңа Зеландияны аямады Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images. Суретте: Арнольд Кнауб

Кнаубтың 5 голы Қазақстанға жеңіс сыйлады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтың кезеңі аясында Жаңа Зеландияға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

D тобындағы бұл матчта Қазақстан құрамасы 10:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ринат Төреғазин (8-минут), Ақжол Дәрібай (11), Арнольд Кнауб (14, 15, 20, 22), Лео (20, 29) гол соқты.