Балалар "Синий трактормен" шектелмеуі тиіс – Асхат Аймағамбетов Фото-коллаж: Ulysmedia.kz

Асхат Аймағамбетов балалар контентіне көңіл бөлу керек екенін айтты

Депутат Асхат Аймағамбетов балалар контентін жасау, оны желіге жүктеу мәселесін көтеріп, ол мақсатта жоспарланып отырған жұмыстар туралы айтып берді деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуцнша, қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы.

“Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар “Синий трактор” мен “Маша и Медведь” сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс” деді депутат телеграм арнасында.