Мадиев рингке оралады Фото vk.com/ggolovkin

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға қайта шығады

IRFIN PROMOTIONS компаниясының баспасөз қызметі  Руслан Мадиевтің (15-2, 6 КО) шаршы алаңға қайта оралатынын хабарлады, деп хабарлайды dopmedia.kz

«Әйгілі Руслан Мадиев рингке қайта оралды!

Қазақстандық Golden Boy Promotions аясында екі титулды және бір рейтингтік жекпе-жек өткізген.
Мәдиев кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, 15 жеңіске жетті. Дебютінен басқа барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізген. Қарағандылық спортшының өнері ESPN, HBO және басқа да АҚШ-тың ірі телеарналарында көрсетілді», - деп хабарлады IRFIN PROMOTIONS.

 

Айта кетейік, 2023 жылы Мексиканың Росарито қаласында мексикалық Хуан Хименеске қарсы өткен жекпе-жекте Мадиев нокаут жасап, жеңіске жеткен болатын.