Боксшы Нұрбек Оралбай нокдаунға түсіп қалды Фото ашық дереккөзден

Ахмет Қанатұлы

30 шілде, 2024

1.2k

Нұрбек Оралбай жекпе-жек барысында нокдаунға түсіп қалды

Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының алғашқы айналымындағы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 1/8 финалдық кезеңі аясында Аустралия елінің өкілі Каллум Петерсті 3:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай кездесудің екінші раундында нокдаунға түсіп қалған болатын. Бірақ соңғы раундта жеңісті жұлып алып кетті.