Магомед Адиев қазақстандық футболшының потенциалы туралы айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Абат Аймбетовтың «Адана Демирспор» клубындағы болашағын жоғары бағалады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Мен оған үлкен үміт артамын. Ол өз қабілеттерін көрсете алатын ойыншы. Шабуыл шебінде гол соғу мүмкіндігі бар, бірақ оның басты мәселесі жарақаттармен байланысты. Соңғы уақытта ол көптеген жаттығуды өткізіп алды, тіпті ұлттық құрамада да толыққанды дайындық жүргізе алмады. Бұл оның қарқындылығын жоғалтқанын көрсетеді. Бұрын ол қарсыластарға көп қысым көрсетіп, сол қасиетімен ерекшеленетін. Қазір ол ойын барысында статикалы бола бастады. Бірақ бұл жағдай оның физикалық жағдайына байланысты. Егер ол толыққанды дайындық кезеңінен өтсе, менің ойымша, ол өзін көрсете алады. Оның деңгейі Түркия чемпионатына сай келеді. Соңғы уақытта ол өзінің формасына байланысты бұл деңгейге сәйкес келмеген еді, бірақ қазір жағдайды өзгертуге мүмкіндігі бар», – деді Магомед Адиев YouTube желісіндегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Түркияның Суперлигасындағы қазіргі маусымда Абат Аймбетов екі матчта тек 23 минут ойнап, «Ризеспорға» қарсы ойынға екінші таймда шыққан болатын.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі