«Қазақ боксшылары Олимпиадада алтын ала алмайды» – америкалық сарапшылар Коллаж Ulysmedia

Америкалық танымал Sports Illustrated журналы Париж Олимпиадасына қатысты болжам жасады

Соның ішінде, бокстан Қазақстан қола медальмен ғана шектелетінін жазған.Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Атап айтқанда, ерлер арасында 71 келіде Асыланбек Шымбергенов және бұрымдылардан 57 келідегі Карина Ибрагимова үштіктен көрінеді.

Қазақстанның ерлер құрамасы Париж олимпиадасына толық құрамда қатысады, олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев(92+ келі).

Ал әйелдер құрамасына үш боксшымыз барады: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).