Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді? instagram/yeleussinovdaniyar. Суретте: боксшы Данияр Елеусінов

Қазақстандық боксшы қыркүйек айында шаршы алаңға оралады

Қазақстанның кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің келесі жекпе-жегін қашан өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«All Stars Boxing» кешінің басты жекпе-жегінде қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы - Данияр Елеусінов өнер көрсетеді», – деп компания әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Турнир 28 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.