Тулкин Киличев командасының Олимпиададағы триумфы жайында
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Олимпиада-2024 ойындарында боксшыларының жаппай жеңіске жетіуінің сырымен бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып, хабарлайды.
"Біздің сырымыз неде? Бірлігімізде деп есептеймін. Біз күн сайын тәуліктеп жаттықтық. Әр боксшыға жеке бапкер тағайындадық. Қателесуге хақымыз жоқ еді. Түбіне келетін болсақ, қолдау әу бастан мемлекет басшысынан басталды. Бізді бар қажеттілігімізбен қамтамасыз етті. Бір нәрсе жетіспеді дейтіндей еш нәрсе болған жоқ.
Менің жұмысым- әр жеке бапкерге жоспар құрып беруден тұрды. Мысалы, кубалық жаттықтырушыға "Стадиондағы кешкі жаттығу- сенің мойыныңда" деймін. Ал, физикалық бапкерге "Таң ертең сен барып жаттықтырасың" деп міндеттерін бөлемін. Әр бапкер өз ісін сүйіп, құлшына істеді. Мен әрқайсын назарда ұстадым.
Жігіттерге де сенімді болдым. Біздің өзбек менталитетіміз, салт-дәстүріміз бойымызда сақталған. Біз отан үшін, отбасы үшін, жақынымыз үшін бәрін береміз. Тек дайындық жұмыстары қалып еді. Сол дайындықтың өзін бәріміз бірігіп бар жүрегімізбен атқардық",-деді Киличев.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы Олимпиада-2024 ойындарында спорттың бокс түрінен 5 алтынмен оралды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?