Бүгін команда екі жаттығу өткізіп, таңертең Испанияға алыс жолға шығады
Қазан айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қорытынды матчтарын өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алдымен сырт алаңда Испаниямен кездессе, артынша Алматыда Шотландия құрамасын қабылдайды.
Бүгін команда екі жаттығу өткізіп, таңертең Испанияға алыс жолға шығады.
Қазақстан жастар құрамасының ойындар кестесі:
1. Испания U21 — Қазақстан U21
10.10.24 | 23:30
Кадис, Испания
Ла Линеа-де-Ла-Консепсион стадионы
2. Қазақстан U21 — Шотландия U21
15.10.24 | 21:00
Алматы, Қазақстан
Орталық стадион
-
15 қазан, 2024
"Әділдік жоқ": Шерзаттың отбасы Қазақстаннан көшетін болды
-
15 қазан, 2024
1 мылтық, 3 пышақ: Талғардағы іс бойынша жаңа деректер шықты