"Қазақстан - Аргентина" кездесуі: Қашан? Қайда? Нешеде? КФФ

Ойын Қазақстан уақытымен кешкі 20:00-де басталады

Бүгін, 30-шы қыркүйек күні футзалдан Әлем чемпионаты аясында Қазақстан және Аргентина ұлттық құрамалары ширек финалда бақ сынасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Кездесу Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирді QazSport арнасынан тамашалай аласыздар. 

Ширек финалда жеңіске жеткен команда жартылай финалда "Парагвай - Франция" құрамаларының біреуімен кездеседі.