Top Rank промоутері Боб Арум Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің арасында орта салмақтағы жекпе-жекті ұйымдастыруға қызығушылық танытты.
Бұл жайлы тілші Лэнс Пагмайр өзінің Аруммен өткізген сұхбатының үзіндісінен бөлісті.
«Боб Арум маған Жәнібек 13 шілде күні жеңіске жетсе, онда орта салмақта күш сынасатын Карлос Адамеске қарсы жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін хабарлады»,-дейді Пагмайр өзінің Х әлеуметтік желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні «Kazakh Style» Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?